jitsu gif branding logo appbranding logo app

Көлік қозғалысы шектеледі: Алматыда үлкен көшелердің бірінде жөндеу жұмысы басталады

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: pixabay.com

4 тамызда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылында орташа жол жөндеу жұмыстары басталады және ол 6 тамызға дейін созылады. Бұл туралы Алматы жол жөндеу қызметінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, 4 тамыз сағат 23:00-ден 6 тамыз сағат 07:00-ге дейін Сейфуллин даңғылының Алматы-1 темір жол вокзалынан Жұмабаев көшесіне дейінгі бөлігінде полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізіліп, көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

"Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақты Ақан Сері, Зорге, Осипенко, Ержанов, Жансүгіров, Жұмабаев көшелері арқылы айналып өтуге болады", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратынша, Алматы-1 теміржол вокзалына Ақан Сері, Сүйінбай, Шолохов, Зорге, Ержанов, Осипенко көшелері арқылы жетуге болады.

Сондай-ақ ведомствода жол-көлік оқиғасын алдын алу мақсатында және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін патрульдік полицияның 4 экипажы қызмет ететіні атап өтілді.

Көлік қозғалысы шектеледі: Алматыда үлкен көшелердің бірінде жөндеу жұмысы басталады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.