Құнды құжат: қазақтан шыққан тұңғыш биші Шара Жиенқұлованың қолжазбасы табылды
Жарияланған күні:
Президенттің архив қорынан мұрағат қызметкерлері ұзақ ізденіс барысында ұлттық би өнерін шыңға шығарған Шара Жиенқұлованың қолжазбасын тапты. Бұл туралы Almaty TV арнасы хабарлады.
Телеарна мәліметінше, бір ай бойы мемлекеттік мекемедегі құжаттарды зерттегендер ұлттық театрлардың жүріп өткен жолы туралы тың дерекпен танысты.
Тілшілер мәлім еткендей, Бөлеген Қасенов Президент архивінде 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Маман қызметтік жолының басым бөлігін қазақ өнеріне арнаған. Бір айдан бері зерттеуші ұлттық театрлар мен би әлеміне бой алдырған. Архив қызметкерінің айтуынша, соңғы олжа – өткен ғасырда ұлттық өнердің жоғары деңгейде дамығанының дәлелі.
Бөлеген Қасеновтің айтуынша, тарихи құндылықтарды түгендеуде құнды олжаның бірі – Шара Жиенқұлованың қолжазбасы. Онда қазақ би өнері ханшайымының арман-тілегі, ойы мен үміті жазылған.
"Алғаш рет орыс би ансамблінің жетекшісі Моисеевтің хатын көрсетіп тұрмыз. Ол біздің Шара Жиенқұловаға жазған хатында оны ансамбльге шақырған. Моисеев ансамбліне түсу үшін талант болу керек! Сен түсінесің бе? Бұл – талант. Біз үшін бұл қағаз өте құнды", – деді Бөлеген Қасенов.
Бөлеген Қасенов Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының терең тарихын зерттеуді қолға алғанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031348-qundy-quzat-qazaqtan-syqqan-tungys-bisi-sara-zienqulovanyn-qolzazbasy-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.