jitsu gif

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Жаз мезгілі
Жаз. Көрнекі фото: Рixabay.com

Синоптиктер сенбі, 5 тамызда Астанада тағы да найзағай ойнап, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Метеорологтар мәліметінше, бүгін Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетіп, жел екпіні 15 м/с күшейеді. Елордада күндіз ауа температурасы 26... 28 градусқа дейін көтерілсе, түнде 16... 18 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Алматыда бүгін жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік астанада күн ыстық, күндіз термометр 36... 38 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы 23... 25 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы 3-8 м/с дейін жетеді.

Шымкентте де күн ашық, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз термометр 36... 38 градусты көрсетсе, түнде мегаполисте ауа температурасы 21... 23 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.