jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бүгін еліміздің ірі қалаларында жауын-шашын күтіледі

Көшедегі көліктер
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 6 тамыз, жексенбіде еліміздің мегаполистерінде қандай ауа райы болатынын болжады. Бұл турлы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы 33...+35 градусқа дейін көтерілсе, түнде +23...+25 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде жел екпіні 13 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.

Жексенбіде Астанада да жауын-шашын күтіледі. Күндіз термометр бағаны +27...+29 градусты көрсетсе, түнде +16...+18 градусқа дейін төмендейді. Елордада жел жымдамдығы 7-12 м/с болса, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с-ке дейін күшейеді.

Синоптиктер Шымкентте де бүгін жаңбыр жауатынын болжады. Ауа температурасы күндіз +30...+32 градус болса, түнде +22...+24 градус жылы болады. Шымкентік тұрғындарға бүгін жел күшейетіні туралы ескертілді. Жел жылдамдығы 8-13 м/с болса, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.