Шымкентте 18 жастағы жас қыз 3 күннен бері іздестіріліп жатыр
Жарияланған күні:
Полицейлер 4 тамызда жоғалған 18 жастағы Шымкент тұрғынын әлі іздеп жатыр. Бұл туралы ІІМ ресми жаңалықтары Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 5 тамызда Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түскен.
Ағасының айтуынша, 2004 жылы туған Аида Әбілда 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.
Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Шымкент қалалық ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
"Аида Долана-Бұлақ колледжінің 1 курс студенті. Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар (ЗОБ)", - делінген хабарламада.
Қызды іздеу ПД басшылығының ерекше бақылауында.
Полицейлер жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефонына хабарласуды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031432-symkentte-18-zastagy-zas-qyz-3-kunnen-beri-izdestirilip-zatyr/