jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Болжам жасамайық": Ахметжанов боксшы Бейбіт Шүменовті іздеу жұмыстарына қатысты пікір білдірді

Бейбіт Шүменов
Бейбіт Шүменов. Фото: instagram.com/beibutshumenov

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астанадағы сауда орталығында балалы ер адамды ұрып соққан боксшы Бейбтіт Шүменовті іздеу жұмыстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде Бейбіт Шүменовтің АҚШ-та болуы мүмкін екені айтылуда. Айта кетсек, бұған дейін полиция боксшыға мемлекетаралық іздеу жариялаған болатын.

Марат Ахметжановтың сөзінше, Қазақстан мен АҚШ арасында экстрадиция туралы келісім жоқ, десе де тек өзара шарттар негізінде заң көмегін көрсету туралы келісім ғана бар.

"Болжам жасамайық. Іс орташа ауыр санатқа жатады, мұнда татуласу да қарастырылған. Менің ойымша, нұсқаулар барлығына жіберілді – қайтарылған жағдайда толыққанды сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, заңды процесуалдық шешім қабылданады", - деді министр.

"Болжам жасамайық": Ахметжанов боксшы Бейбіт Шүменовті іздеу жұмыстарына қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.