Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуі - Жомарт": АҚШ-тың Алматыдағы жаңа бас консулы Мишель Еркін туралы не белгілі

Опубликовано:

Мишель Еркін
Мишель Еркін. Көрнекі фото: АҚШ дипломатиялық миссиясының баспасөз қызметі

Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас консулы Мишел Еркін ханым өз жұмысын бастады. Бас консул Еркіннің консулдық аймағына Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстары кіреді, деп хабарлайды Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мен Алматыдағы АҚШ Консулдығының атынан өкілдік етуді өзім үшін үлкен мәртебе санаймын және Қазақстан сияқты әдемі әрі қонақжай елге қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Алматы 20 жыл бұрын менің шетелдегі алғашқы дипломатиялық миссиям болған. Енді алдағы үш жыл бойы бұл қаланы өз үйім деп санау бақытына ие болып отырмын. Сол уақыттан бері көп нәрсе өзгерген, сондықтан Қазақстанды жаңа қырынан танып-білуге асықпын", - дейді Мишель Еркін.

Айтуынша, ол Қазақстанда жұмысына куана-қуана кіріскен.

"Мен сіздермен бірге Қазақстанның экономикасын нығайтып, әртараптандыру, өңірлік қауіпсіздікті күшейтіп, мәдени алмасуды дамыту үшін күш жұмылдырып еңбек ететін, және ең бастысы, Қазақстанның ең құнды байлығы – оның халқымен иық тіресе жұмыс істейтін сәттерді қуана күтемін", - деп атап өтті Еркін ханым.

Дипломатиялық қызметтегі 20 жыл ішінде Еркін ханым әлемнің түрлі елін аралап үлгеріпті. Бұған дейін ол Рейкьявиктегі (Исландия) АҚШ Елшілігінде миссия басшысының орынбасары және уақытша сенімді өкіл қызметтерін атқарды. Мишель Еркіннің бұған дейінгі дипломатиялық қызмет атқарған елдерінің қатарында Панама-Сити (Панама), Бішкек (Қырғызстан), Сан-Сальвадор (Сальвадор) және Мәскеу (Ресей) де бар.

Су жаңа консул Вашингтон қаласында бірнеше рет қызмет атқарған, атап айтқанда, Экономикалық және іскерлік мәселелер бюросы (EB), Қару-жарақты бақылау, келісімдерді тексеру және орындау бюросы (AVC) және Батыс жарты шар істері бюросында (WHA) жұмыс істеді.

Айта кету керек, Мишел Еркін Йель университетін Ресей және Шығыс еуропалық зерттеулер мамандығы бойынша үздік бітірген. Содан кейін ол Миннесота университетінің заң мектебінің Юриспруденция докторы (JD) дәрежесін алды.

Солтүстік Миннесотаның ауыл шаруашылығымен айналысқан ортасынан шыққан ол өзінің Ақ Жер Оджибве (Чиппева) тайпасының ұрпағы екендігін мақтан тұтады.

Бүгінде Мишель Еркін жұбайы Жомартпен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Орыс және испан тілдерін жетік меңгерген, қазақ тілін де оқып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031681-kuieui-zomart-aqs-tyn-almatydagy-zana-bas-konsuly-misel-erkin-turaly-ne-belgili/

pixel