Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол уланған жоқ": пойызда көз жұмған баланың анасы қайғылы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты

Опубликовано:

Пойыз
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Лагерьге бара жатқан жолда пойызда қайтыс болған 13 жастағы баланың анасы қайғылы оқиғаның себебін айтты. Тамара Цаплина бала өліміне қатысты өз нұсқасын видео арқылы жеткізген. Бейнежазба Facebook желісінде жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, баланың денсаулығында кішкентай кезінен кінәрат болған.

Тамара Цаплинаға бастапқыда 13 жасар ұлының өліміне улану себеп болғанын айтқан. Бірақ әйелдің сөзінше, бұл шындыққа жанаспайды. Оқиғаға қатысты өз нұсқасын әйел видео арқылы айтқан.

"Адамдар ол (баласы - ред.еск.) уланып өлді деп айтты. Ол уланған жоқ. Оған кішкентай күнінде диагноз қойылған, қан тамырлары әлсіз, жарыла беретін болған соң кеуде қуысына аорта қойылды, сол жарылды.

Қала әкіміне, облыс әкіміне моральдық, қаржылай қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар бүкіл Атырау қаласына қаржылай қолдау көрсеткені үшін рақмет. Облыс әкіміне бізді автобуспен қамтамасыз еткені үшін. Бізге қажеттінің бәрімен қамтамасыз етті. Көмектескендердің барлығына алғысымызды білдіреміз. Ешкімге ешқандай шағымым жоқ. Түрлі жағдай болуы мүмкін екенін түсінемін - бұл да әркімнің басынан өтуі мүмкін", - дейді марқұмның анасы Тамара Цаплина.

Еске сала кетсек, 7 тамызда "Атырау-Астрахань" пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болғаны туралы хабарланды. Бала лагерьге балалар тобының құрамында төрт тәлімгермен бірге барған. Пойыз жүрген соң 1,5 сағаттан кейін бала өзін нашар сезінген. Пойыз бригадасы нұсқау бойынша әрекет етіп, жедел жәрдем шақырылған. Жедел жәрдем қызметкерлері Нарын станциясына келіп, баланы тексеріп, оның қайтыс болғанын анықтады.

Кейін оқиғаға байланысты комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031893-ol-ulangan-zoq-poiyzda-koz-zumgan-balanyn-anasy-qaigyly-oqigaga-qatysty-oz-nusqasyn-aitty/

pixel