Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тамыз айындағы ҰБТ басталды

Жарияланған күні:

Қаламмен жазып отырған адам
Қаламмен жазып отырған адам. Фото: freepik / jannoon028

Бүгін тамыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, ол осы айдың 15-іне дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін 17 мыңнан астам өтініш қабылданды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, ҰБТ-ға қатысушылардың 66 пайызға жуығы қазақ тілінде, 34 пайызы орыс тілінде, 53 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді.

ҰБТ-ны өткізудің бірінші күні 4499 адам емтихан тапсырады.

"Тамыздағы ҰБТ белгіленген шекті баллды жинай алмаған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, тіркелу кезінде тесттен өтушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдады.

Министрлікте талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алатыны атап өтілді. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тесттен өтушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Сондай-ақ министрлікте тамыз айында өтетін ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында 20-30 шілде аралығында жүргізілетіні еске салынды.

Ведомство ақпаратынша, жоғары оқу орнында (ЖОО) ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Бұл ретте оқуға қабылдауды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

"Барлық бес ҰБТ қорытындысы бойынша белгіленген шекті баллды жинай алмаған, тестілеу нәтижесі жойылған, бейіндік пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін талапкерлерге ЖОО-ға шартты түрде ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі беріледі. Ары қарай олар 2024 жылы қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ-сына қатысып, ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балын жинай алады", - деді министрлікте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031980-elimizde-tamyz-aiyndagy-ubt-bastaldy/