Жаңбыр, найзағай, бұршақ: алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер алдағы үш, яғни 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі.
Атап айтқанда, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, кей уақыттарды қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, 15-28 м/с дейін екпінді жел күтіледі. Найзағай кезінде дауылды жел болуы ықтимал.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз, күн ашық болады.
12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында 42 градусқа дейінгі өтте қатты ыстық сақталады.
Ал солтүстік, шығыс және орталық облыстарда салқын ауа-райы күтіледі. Яғни ауа температурасы күндіз 12-20 жылыға дейін төмендейді, еліміздің оңтүстік-шығысында 20-28 жылыға дейін төмендеуі күтеледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032133-zanbyr-naizagai-bursaq-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.