Астанада Жастар күніне арналған іс-шаралар апталығы өтті
Жарияланған күні:
12 тамыз - халықаралық Жастар күні. Бұл күн республикамыздың барлық өңірінде атап өтілуде. Осы орайда Астана да жастар апталығын бастады.
Әдеттегідей, бұл күн республикамыздың барлық өңірлерімен атап өтілуде. Елорда да тыс қалмады. 7 тамыздан бастап, Жастар апталығы басталды: эко-акциялар, бос орындар жәрмеңкесі, фестиваль, байқаулар, тренингтер ұйымдастырылды.
Елордадағы Жастар саясаты мәселелері басқармасын Қамбаров Қайрат Тельманұлы басқарады. Лауазымына отырған 2,5 жыл ішінде көптеген бастамалар іске асырылды.
Атап өтетін болсақ,
- 12 600 жастар "Жасыл ел" бағдарламасы аясында жұмысқа орналастырылды;
- 2650 жастарға жалға пәтер берілді, жеңілдетілген несие табысталды;
- 8 мыңға жуық сарбаздар "Жас сарбаз" қозғалысында;
- 5 мыңға жуық волонтерлер Волонтерлік штабта тіркелген;
- Халықаралық волонтерлер орталығы ашылды;
- Аула клубтарында 3100 балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде;
- Студенттік жатақханалар құрылысының фронт-офисі ашылды;
- NEET санатындағы жастармен жұмысқа бағытталған жол картасы бекітілді;
- Тұрақты түрде жыл сайын "Жайдарман" ойындары өтеді және тағысын тағы.
Сондай-ақ алдағы уақытта жұмысты жалғастыру және нығайту жоспарда:
- 16,5 мың жасты жұмыспен қамту;
- Студенттер үшін 12 мың орындықжатақханалар салу және реконструкциядан өткізу;
- Шет аймақтардағы тұрғын аудандарында аула клубтарын ашу;
- "JolTap" атты танымдық жобасын іске асыру;
- Барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейту көзделген. Мысалы: нашақорлық, ойынға тәуелділік және тағы басқа.
Жастарды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, оларға табандылық, креатив, ақ жол тілегіміз келеді. Жастарға арналған жобалар мен бағдарламалар туралы elorda_jastary Instagram парақшасынан таба аласыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032254-astanada-zastar-kunine-arnalgan-is-saralar-aptalygy-otti/