Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамыздағы қар: еліміздің қай өңірінде бүгін ауа райы бұзылады

Опубликовано:

Найзағай, бұлтты күн
Найзағай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін, 14 тамыз еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Қазгидромет бірқатар облыста сулы қар, бұршақ жауып, найзағай жарқырайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 14 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Түнде және таңертен Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі.Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні15-20, кей уақытта 23-28 м/с. 14 тамызда облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

14 тамызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ақмола облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 14 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Костанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. 14 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы облысының шығысында, таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 14 тамызда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында 14 тамызда кей уақытта найзағай күтіледі.

Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қаласында 14 тамызда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. 13-15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 13-15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 13-15 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 12-14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032312-naizagai-bursaq-qar-bugin-elimizdin-qai-onirinde-aua-raiy-buzylady/

pixel