jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қытайда сел салдарынан 21 адам қайтыс болып, тағы алты адам із-түзсіз жоғалды (фото, видео)

Сел
Сел. Көрнекі фото: pixabay.com

Жұма, 11 тамыз күні кешке Қытайдың солтүстік-батысындағы Сиань қаласының маңында ірі сел жүрген болатын. Жексенбі, 13 тамызда 21 адамның қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды "Синьхуа".

Ведомствоның төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі қалалық басқармасының мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Чанъань ауданының шетіндегі ауылдағы селдің жүруіне сол күні толассыз жауған жаңбыр себеп болған.

Қазіргі таңда 20-дан астам қаза тапқаны белгілі, тағы алты адам із-түзсіз жоғалған. 980-ден астам адам мен 1110 техникадан тұратын 14 құтқару тобы іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Құтқарушылардың айтуынша, сел тұрғын үйлерді, жолдарды, электр желілері мен байланыс мұнараларын зақымдаған.

Төтенше жағдай аймақтарынан 200-ге жуық адам эвакуацияланды. Құтқару жасақтары көлік қозғалысын, электр қуатын және коммуникацияны қалпына келтіру үшін бұзылған жолдар мен инфрақұрылым нысандарын жөндеп үлгерді.

Еске салайық, тамыз айының басында Қытай астанасында "Доксури" тайфуны соққан болатын. Артынша тайфун салдарынан болған су тасқыны салдарынан 11 адам қаза тауып, 27 адам із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарланды. Бұл Қытайда соңғы жылдарда болған ең қатты дауыл екені атап өтілді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.