jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

СІМ Оңтүстік Кореяда ер адамға пышақпен шабуыл жасаған қазақстандыққа қатысты ақпарат берді

пышақ
Пышақ. Көрнекі фото: Рixabay.com

Сыртқы істер министрлігі брифингте Оңтүстік Кореяда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған қазақстандық әйелге қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жақында біз Сеулден біздің азаматымыз жергілікті азаматқа шабуыл жасады деген ақпарат алдық. Анықтадық. Ол снда біраздан бері тұрады, кәсіппен айналысады және оған этникалық виза берген. Яғни, оның ұлты кәріс, көптен бері сонда күйеуімен тұрады. Бірақ 2020 жылдан бері арнайы ауруханада станционарлық ем қабылдайды.

Оқиға кезінде ол дәрілік препараттың әсерінде болған... Бір-екі күнде консул оны барып көруі керек, бақылауда ұстаймыз", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, бұған дейін оңтүстіккореялық БАҚ қазақстандық әйелдің жүргізушіге пышақпен шабуыл жасағанын хабарлаған еді.

СІМ Оңтүстік Кореяда ер адамға пышақпен шабуыл жасаған қазақстандыққа қатысты ақпарат берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.