Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысындағы шахтерлер ереуілі: қос тарап мәмілеге келді

Опубликовано:

Жұмысшының каскасы
Жұмысшының каскасы. Көрнекі фото: unsplash.com

Бүгін "Қазақмыс" корпорациясының жүздеген шахтері жұмыс істеуден бас тартып, басшылыққа бірқатар талап қойып, ереуілге шықты, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

Ұлытау облысындағы нысанда жұмыс істейтін "Қазақмыстың" жүзге жуық шахтері ереуілге шықты. Бұл туралы бүгін белгілі болды. Жұмысшылар жұмыс жағдайын жақсарту, жабдықтарды жаңарту, сыйақылар төлеу және медициналық сақтандыру жағдайларын қайта қарауды талап етті. Ереуілге шыққандар шамамен барлығы 15-ке жуық талап қойған.

Бұған дейін "Қазақмыс" баспасөз қызметіндегілер шахта жұмысшыларының бас көтергені туралы ақпаратты растаған болатын.

"14 тамыз күні Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасындағы мердігерлік ұйымының түнгі ауысымға ауысқан шахтерлерлі мен жұмысшылары жұмысты тоқтататынын мәлім етті. Оқиға орнына «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері жеткен. Қазіргі таңда "Қазақмыс" басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін бастамашыл шахтерлер тобымен келіссөздер жүргізуде. Өңірлік жедел штаб жұмыс істеуде", - деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.

Кешке қарай кездесу нәтижесінде тараптар мәмілеге келгені анықталды. Жұмысшылар айтқан арыз-шағымның бірсыпырасы сол жерде-ақ қанағаттандырылған. Шахтерлер қойып отырған талаптардың екінші бөлігі заңнамалық өзгерістерге қатысты болған. Осыған байланысты бұл мәселелерді шешу үшін қосымша уақыт қажет болады: олар арнайы құрылған, құрамына жұмысшылар мен жұмыс берушінің өкілдері кіретін бастамашыл топтың қатысуымен шешілмек.

"Қазақмыс" баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздерден кейін кәсіпорындағы жұмыстар қалпына келтірілген, ал ереуілге шыққандар ешқандай тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032448-ulytau-oblysyndagy-saxterler-ereuili-qos-tarap-mamilege-keldi/

pixel