jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

Шам
Шам жарығы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Маңғыстау атом энергетика комбинатындағы апатқа байланысты Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимін енгізу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы Almaty.tv арнасында хабарланды.

Телеарнаның хабарлауынша, режим енгізілген жағдайда Маңғыстау облысында тұрғындар күніне 3-5 сағатқа электр қуатынан ажыратылатылып отырады.

Ең жоғары шектеуді өнеркәсіп орындарына енгізу жоспарлануда. Бұл шешім электр қуатын тұрмыстық жағдайда қолданатын тұрғындарға ыңғайсыздық тудырмау мақсатында қабылданды.

Сондай-ақ телеарна мәліметінше, аурухана, балабақша сияқты әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысаны электр қуатымен толық қамтамасыз етіледі.

"Маңғыстау облысының басшылығымен жедел штаб құрылды. Оған барлық коммуналдық қызметтің өкілдері кірді. Маңғыстау облысының әр жеріндегі елдімекендерде жарықты циклдық, яғни кезегімен өшіру туралы шешім қабылданды.

Өз тарапымыздан Маңғыстау өңірінің тұрғындарына апатты жағдай толық жойылғанша электр энергиясы үнемделетінін ескертеміз", – деді "МАЭК" АҚ Орталық-реттеу қызметінің бастығы Өмірбек Нұғиев.

Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.