Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қолшатыр
Қолшатыр. Көрнекі фото: pexels.com

15 тамыз күні, сейсенбіде Астана мен Алматыда жауын-шашын, Шымкентте ыстық ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Синоптиктер мәліметінше, бүгін Астанада көшпелі бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел жылдамдығы секундына 7-12 м/с. Елордада күндіз ауа температурасы 20... 22 градусты құраса, түнде 9... 11 градусқа төмендейді деп күтілуде.

Алматыда бүгін көшпелі бұлтты. Күндіз оңтүстік астанада өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал термометр 23... 25 градусты көрсетеді. Түнде болса, жауын-шашынсыз, ауа температурасы 10... 12 градусқа төмендейді. Жел жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетеді.

Шымкентте күн жауын-шашынсыз. Күндіз термометр 28... 30 градусты көрсетсе, түнде мегаполисте ауа температурасы 13... 15 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032462-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel