jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің бірі үш күнге жабылады

Кеден
Көрнекі фото: Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Осы аптаның соңында Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Бақты" өткізу пункті жабық болады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында хабарлады.

Ведомстоның мәліметінше, жыл басынан бері Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан "Бақты" автомобиль өткізу пунктін қайта жаңарту жүргізілуде.

"Жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жоспарланған", - делінген хабарламада.

Комитеттің ақпаратынша, осыған байланысты 18-20 тамыз аралығында "Бақты»" өткізу пункті жабылады.

"Бақты" өткізу пунктінің ашылуы 2023 жылғы 21 тамыздан бастап штаттық режимде жоспарланып отыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінен хабарламада.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің бірі үш күнге жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.