Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осы аптада ортақ пікірге келуіміз керек": Оқу-ағарту министрі мектептердегі оқу мерзімі туралы айтты

Опубликовано:

Оқушы
Оқушы. Көрнекі фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы мәселесі қайта қаралып жатқанын айтты. Осы аптаның соңына дейін шешім қабылданады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкімет кулуарынан кейін Оқу-ағарту министріне Қазақстандағы оқу жылын ұзарту мәселесі биыл қайта қарала ма деген сұрақ қойылды. Бұған дейін депутаттар оқу мерзімін 31 мамырға дейін ұзарту ұсынысын сынға алған болатын.

"Егер екі тарап ортақ шешімге келсе, бұл біріншіден, балаларымызға тиімді. Жақын арада нақты шешім қабылдаймыз. Бұл мәселені тездетуді тапсырдым, меніңше, осы аптада әріптестер ортақ пікірге келуі керек", – деп түсіндірді министр.

Оқу-ағарту министрі мамыр айында Қазақстанда оқу жылының ұзартылғанына қатысты мәселеге түсініктеме берген болатын - ол оқу мерзімі 25 мамырға ауыстырылса, білім беру мекемелерінде 5 күндік оқу кестесінен бас тартуға немесе бір кез келген пәннің сағатын қысқартуға тура келетінін мәлімдеген.

Еске салсақ, үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты сарапшылар шешім қабылдағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032526-osy-aptada-ortaq-pikirge-keluimiz-kerek-oqu-agartu-ministrligi-mektepterdegi-oqu-merzimi-turaly-aitty/

pixel