jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде бірінші сыныпқа баратын оқушылардың 70 пайызға жуығы қазақ тілін таңдады

алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау. Көрнекі фото: Pixabay.com

Жаңа 2023-2024 оқу жылында еліміздің мектептерінде 3,9 миллион оқушы білім алады. Бұл туралы Оқу ағарту министрлігінің ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оның ішінде 364 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады. Балалардың 68,2 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

Айта кетерлігі, Қазақстанда 7,7 мың орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мектептерде сапалы дайындық пен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, сынып-кешендерін қалыптастыру қолға алынуда.

Бірінші сыныпқа қабылданушы оқушылар әсіресе, Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында көп. Сондай-ақ, балалардың мемлекеттік тілде білім алуы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары көш бастайды.

Еске салайық, 2021 жылы балалардың 64 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған болатын.

Елімізде бірінші сыныпқа баратын оқушылардың 70 пайызға жуығы қазақ тілін таңдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.