jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

ШҚО-да рұқсатсыз намазхана ашқан жігіт айыппұлмен құтылды

Жұма намазы
Намаз оқу сәті. Көрнекі фото: "Азаттық рухы" басылымы

ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері рұқсатсыз намазхана ашқан 28 жастағы қала тұрғынын анықтады. Бұл туралы Altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ол қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінен тиісті құзыретті органдардың рұқсатынсыз намазхана ашқан.

Ер адамның айтуынша, ол аталған жағдай үшін әкімшілік жауапкершілік көзделетінінен бейхабар болған көрінеді.

Қазіргі уақытта ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 490-бап 1-бөлім бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Орынсыз жерлерде діни рәсімдер мен жиналыстарды өткізіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін оған 130 000 теңге сомасында айыппұл салынды.

ШҚО-да рұқсатсыз намазхана ашқан жігіт айыппұлмен құтылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.