Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылбысқы қар, жаңбыр, бұршақ: бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 16 тамыз, сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Еліміздің оңтүстік-шығысының таулы аудандарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін тек республиканың оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша екпінді жел тұрып, солтүстікте және орталықта түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түсуі мүмкін. Күндіз еліміздің шығысында бұршақ  жаууы ықтимал.

Сонымен қатар күндіз Атырау облысының басым бөлігінде 36 градусқа дейін ыстық күтіледі.

Ал Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Жетісу облысының батысында өрт шығу қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032623-zylbysqy-qar-zanbyr-bursaq-bugin-elimizdin-basym-boliginde-kun-zauyn-sasyndy-bolady/