jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Отандық ғалымдар қуаңшылықты болдырмайтын технологияны сынақтан өткізіп жатыр (фото)

Отандық ғалымдар
Ғалымдар қуаңшылықты болдырмайтын технологияны сынақтан өткізуде. Фото: gov.kz

М.Әуезов атындағы университет ғалымдары атмосфераға теріс зарядты иондарды жіберіп, ашық аспанға будақ бұлттарды жинауға болатын технологияны сынақтан өткізуде. Осы арқылы олар елдегі қуаңшылық пен су тапшылығы проблемасын шешуді көздеп отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі ресми сайтында хабарлады.

"Әлемде 10 жылда бір рет болған құрғақшылық бүгінде 1,9 есеге артып отыр. Ал судың тапшылығы әлемдік экономикаға орасан зор шығын әкелуі мүмкін. Бұл мәселеге біздің отандық ғалымдар да бей-жай қарамайды. Өйткені су тапшылығы 2030 жылға қарай әлемдегі ең күрделі мәселелердің үштігіне енуі ықтимал.

Бүгінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары атмосфераға теріс зарядты иондарды жіберіп, ашық аспанға будақ бұлттарды жинауға болатын технологияны ұсынуда. Нәтижесінде жаңбырды қажетті мөлшерде жауғызып, климатты реттеуге мүмкіндік туады", - дейді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.

Министрлік мәліметінше, қазіргі таңда ғалымдар су тапшылығы мен құрғақшылықты жоятын инновациялық технологияны сынақтан өткізіп жатыр.

Ғалымдар
Ғалымдар қуаңшылықты болдырмайтын технологияны сынақтан өткізуде. Фото: gov.kz

Жоба авторларының айтуынша, климатты өзгертуге арналған технологиялық қондырғы әлем елдерінде сынақтан сәтті өткен. Қазіргі таңда Иран, Пәкістан сынды мемлекеттердің шөлейтті аймағында мұндай технологиялар қолданылып отыр.

Университет профессоры, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нағима Жақыпбекованың сөзінше, алдағы уақытта Армения және Грузия мемлекеттерінің профессор-ғалымдарымен бірлесіп, су көздерін цеолит қоспасымен қайта өңдеу технологиясын енгізу жоспарда бар.

Отандық ғалымдар қуаңшылықты болдырмайтын технологияны сынақтан өткізіп жатыр (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.