Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "маугли" балалар табылды: ата-анасына айыппұл салынды

Опубликовано:

Балалар табылған нашар жағдайдағы үй
Балалар табылған үй. Фото: Алматы полиция департаменті

Алматыдағы Медеу ауданындағы пәтерлердің бірінен табылған "маугли" балалардың ата-анасына айыппұл салынды. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, Алматы қалалық білім басқармасының қызметкерлері шұғыл түрде балалар тұрып жатқан мекен-жайға жіберілген.

"Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды орталыққа орналастыру шаралары қолға алынды. Қазір Медеу ауданы қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастыру үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға құжаттарды тапсырды.

Ата-анаға ата-аналық міндеттерін орындамағаны және балаларының құқығын бұзғаны үшін айыппұл салынды", - деді ведомствода.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Медеу ауданындағы пәтерлердің бірінен "маугли" балалар табылғаны туралы жазған едік.

Қалалық полиция департаментінің сөзінше, анасымен бірге тұратын балалар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп келген. Үйдің іші лас болған, ал балаларға күтім жасалмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032729-almatyda-maugli-balalar-tabyldy-ata-anasyna-aiyppul-salyndy/