Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамыздағы ҰБТ тапсыру мерзімі аяқталды

Опубликовано:

Тізімді қарап жатқан жастар
ҰБТ нәтижесін қарап тұрған жастар. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Шекті балл жинай алмаған талапкерлер үшін тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу өз мәресіне жетті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, тамыздағы емтиханға қатысуға 15 мыңнан астам талапкер өтініш білдірген. Олардың 65 пайыздан астамы қазақ тілінде, 34 пайызы орыс тілінде, 0,29 пайызы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

"Сынақ қорытындысы бойынша 8 мың үміткер шекті балл жинады. Бұл тестілеуге қатысушылардың жалпы санының 56 пайызын құрайды. ҰБТ-ның орташа балы 55 балды құрады. Ең жоғары нәтиже 125 балдық межені көрсетті", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, талапкерлер тамыздағы ҰБТ сертификатымен жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсе алады.

Бұл ретте тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлерге арналғаны атап өтілді. Талапкерлер тамыз кезінде ҰБТ-дан қайта өтіп, жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу мүмкіндігІне ие бола алады.

"Барлық бес ҰБТ-ның қорытындысы бойынша шекті балл жинай алмаған талапкерлерге ЖОО-ға шартты түрде ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі беріледі. Ары қарай олар 2024 жылғы қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ-сына қатысып, ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балын жинай алады", - деді ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ ведомствода жоғары оқу орындарында ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданатыны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032743-tamyzdagy-ubt-tapsyru-merzimi-ayaqtaldy/