Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында шахтада шыққан өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

"Қылмыстық іс" құжаттары
"Қылмыстық іс" құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағанды облысы "Қазақстан" шахтасындағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, "Қазақстан" шахтасындағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сотқа дейінгі тергеуді Шахтинск қаласының полиция бөлімі жүргізуде. Істі Қарағанды облысының прокуратурасы тікелей бақылауына алған.

Агенттік мәліметінше, Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы оқиға орнында.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді.

Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны анықталды.

Кейін дәрігерлер зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өскенін және олардың жағдайын айтты.

Сонымен қатар іздестіріліп жатқан бес адамның екеуінің денесі табылғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032918-qaragandy-oblysynda-saxtada-syqqan-ortke-bailanysty-qylmystyq-is-qozgaldy/