Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірінде сауна жұмыс істеген, ішімдік ішілген": Ақтөбедегі балалар лагерьлерінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды

Опубликовано:

балалар ойын алаңы
Балалар ойын алаңы. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбелік прокурорлар өңірдегі балалар лагерьлерінде өрескел заңбұзушылықтарды анықтаған. Бұл туралы Ақтөбе облысының прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, алдын ала тексеру нәтижелері бойынша заңнама талаптарының, оның ішінде санитарлық нормалардың және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің талапқа сай емес екені анықталған.

Лагерьлер тиісті санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз жұмыс істеген.

Мәселен, облыс лагерлерінің бірінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыдан басқа, жер учаскесіне меншік құқығы болмаған, үй-жайдың өзі қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз салынған.

"Прокуратура органдары тексеруді бастағаннан кейін лагерьлердің бірі өз қызметін тоқтатты, өйткені ол заң талаптарына сай келмеді. Тағы бір лагерьді тоқтата тұру мәселесі шешілуде. Қадағалау органының шараларымен балаларды талаптарға сай келмейтін лагерьге қабылдауға жол берілмеді", - делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство дерегінше, лагерьлердің бірінде сауна жұмыс істеген, онда бірнеше күн бұрын алкогольдік ішімдіктер ішілген (үстелде алкоголь ішімдіктерінің бос бөтелкелері анықталды).

Ас блоктарының бөлмелерінде антисанитария жағдайы тіркелген (жәндіктер, шашылып жатқан заттар және тартылған темекілер). Тексеруге тартылған СЭС мамандары бактериялардың шайылуын зерттеу кезінде ішек таяқшаларын тапқан.

"Лагерь корпустары жөндеуді қажет етеді, олардың кейбіреулерінде терезе саңылаулары жоқ, бұл табиғи жарық пен таза ауаның жетіспеушілігіне әкелген", - деп қосты прокуратурадан.

Сонымен қатар қадағалау органының хабарлауынша, "Шұғыла" лагерінде балалардың тығыздығы бөлігінде бұзушылық анықталған, яғни, 218 балаға есептелген үй-жайда кәмелет жасына толмаған 268 бала орналастырылған.

Бұдан бөлек біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін қызметкерлерді, сондай-ақ тиісті біліктілігі мен медициналық сертификаты жоқ медицина қызметкерлерін жұмысқа қабылдау фактілері анықталған.

"Тексеру жалғасуда, барлық анықталған бұзушылық бойынша прокурорлық қадағалаумен тиісті шаралар қабылданатын болады", - деп түйіндеді ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, шілде айында ата-аналар Алматы маңындағы лагерь саунаның ішінде жасақталғанын айтып, дабыл қаққан еді.

Осы жайттан кейін еліміздің бас прокурорының тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті.

Тауяда Жетісу облысының прокуратурасы өңірдегі 9 балалар лагерінің қызметіне тексеріс жасап, бірқатар заңбұзушылықты анықтағанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033119-birinde-sauna-zumys-istegen-isimdik-isilgen-aqtobedegi-balalar-lagerlerinde-oreskel-zanbuzusylyqtar-anyqtaldy/

pixel