Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаз мезгілі
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін, 21 тамызда еліміздің үш ірі қаласы - Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін елордада күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде +15+17°С, күндіз +27+29°С жылы болады.

Дүйсенбіде Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с жетеді. Қалада түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С жылы болады деп болжануда.

Шымкентте 21 тамызда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 8-13 м/с жетуі ықтимал. Түнде +19+21°С, күндіз +34+36°С жылы болады деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033226-bugin-elimizdin-us-iri-qalasynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel