Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция генерал-майоры Берік Біләловке сот үкімі шықты

Опубликовано:

Берік Біләлов
Берік Біләлов. Фото: Кazpravda.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында полиция генерал-майоры Берік Біләловке үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің жазуынша, сот үкіміне сәйкес, Берік Біләлов Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағының 2-тармақшасында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ ол 10 жылға мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті басқарушы органдарда, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор нысандарында жұмыс істеу құқығынан айырылған.

Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 49-бабының 2-бөлігіне сәйкес, президент атына Берік Біләловті ІІ дәрежелі "Даңқ" орденінен және полиция генерал-майоры жоғары арнаулы лауазымынан айыру туралы ұсыныс енгізілген.

Бұдан бөлек агенттік мәліметінше, одан зардап шегушілерге өтемақы төлеу қорына 58 340 теңге мәжбүрлі түрде өндіріп алынады.

Берік Біләлов жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Еске салсақ, СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бұрынғы басшысы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов биыл ақпан айында ұсталған болатын.

Кейін ІІМ Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу қаражатты алаяқтық жолмен иемдену туралы өтініштен кейін басталғанын хабарлады.

Мамыр айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Берік Біләловке қатысты іс бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033355-policiya-general-maiory-berik-bilalovke-sot-ukimi-syqty/

pixel