jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі

суға шомылып жатқан кептерлер
Суға шомылып жатқан кептерлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 22 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, яғни, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, жел күшейіп, жаңбыр жаууы ықтимал.

Ал еліміздің солтүстігінде түнде қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін тек еліміздің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

Сондай-ақ бүгін күндіз Жетісу, Ұлытау, Атырау, Алматы, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-40°С-қа дейін қатты ыстық күтіледі.

Сонымен қатар Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.

Мамандардың ескертуінше, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.