Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

Қайрат Құдайберген
Қайрат Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergen_kairat

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да яғни 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, Қ-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 1 айға - 2023 жылғы 21 қыркүйекке дейін ұзарту туралы санкция берілді", - делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қайрат Құдайберген былтыр сәуір айында ұсталған болатын. Содан бері оны қамауға алу мерзімі бүгінге дейін ұзартылып келе жатыр.

Экс-депутат қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген. Дегенмен, ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033591-qairat-qudaibergendi-qamauda-ustau-merzimi-uzartyldy/

pixel