jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Магистратура бойынша мемлекеттік білім грантын жеңіп алғандардың тізімі шықты

мантия ұстаған түлектер
Түлектер. Көрнекі фото: pixabay.com

Магистратура бойынша мемлекеттік білім грантының иегерлері белгілі болды. Білім грантын жеңіп алғандардың тізімін Ғылым және жоғары білім министрлігі ресми сайтында жариялады.

Ведомство хабарлауынша, мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалған.

Комиссия құрамында парламент депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болған.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына барлығы 14 612 адам қатысқан. Оның 8 359-ы грант иегері атанған.

Білім грантын жеңіп алғандардың толық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Сондай-ақ министрлік жоғары оқу орындарына қабылдау 2023 жылғы 28 тамызға дейін жалғасатынын атап өтті.

Магистратура бойынша мемлекеттік білім грантын жеңіп алғандардың тізімі шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.