jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда орталық көшелердегі жолайрықтардың бірі жөндеуге жабылады

Жол жөндеу белгісі
Жол жөндеу белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

23 тамыздан 24 тамызға қараған түні Алматыдағы Сәтбаев және Байзақов көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстарына байланысты батыс және шығыс бағыттағы көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Бұл туралы Almaty Joly ЖШС Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Almaty Joly компаниясының мәліметінше, жол жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес биылғы жоспарға ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын Сатбаев-Жандосов-Байзақов көшелерінің қиылысындағы жолайрық іске қосылды.

"23 тамыз сағат 23:00-ден 24 тамыз сағат 06:00-ге дейін Сәтбаев және Байзақов көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстарына байланысты батыс және шығыс бағытта көлік қозғалысы толығымен шектеледі", - делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, 23 тамыз сағат 23:00-ден 24 тамыз сағат 06:00-ге дейін Жандосов көшесінде шығыс бағытта Манас көшесінен бастап көлік қозғалысы шектеледі. Әуезов, Абай, МАнас, Бұқар жырау көшелерімен айналып өтуге болады.

"Сәтбаев көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта, Байзақов көшесінен Жандосов көшесіне батыс бағытта, Байзақов көшесінен Сәтбаев көшесіне шығыс бағытта бұрылыстар ашық болады", - деді Almaty Joly компаниясының өкілдері.

Сонымен қатар жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 патрульдік экипаж қызмет етіп, жылдамдықты 40 км/сағ дейін шектеу туралы белгі қойылатыны атап өтілді.

Алматыда орталық көшелердегі жолайрықтардың бірі жөндеуге жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.