Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұршақ, жаңбыр, шаңды дауыл: бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер бейсенбі, 24 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың болжамынша, бүгінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ бұл аймақтарда түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.

Сонымен қатар бүгін күндіз Жетісу, Алматы, Қарағанды облыстарында ауа температурсы 35-36°С-қа дейін көтерілуі мүмкін.

Бұдан бөлек Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Атырау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысы мен орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және шөлді аудандарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.

Мамандар Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ұлытау, Абай облыстарында, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033722-bursaq-zanbyr-sandy-dauyl-bugin-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel