Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зиянкестерге қарсы өңдеу жүргізіледі": Алматы әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Қорғаныс формасын киген адамдар
Қорғаныс формасын киген адамдар. Көрнекі фото: GEOFFROY VAN DER HASSELT/AFP via Getty Images

Алматыда жапырақ жейтін зиянкестер мен зең ауруларының қоздырғыштарына қарсы биологиялық өңдеудің төртінші кезеңі басталды, деп хабарлайды қала әкімдігі ресми сайтында.

Әкімдік мәліметінше, ағаштардың тұрақты жағдайын жақсарту, сақтау және олардың әр түрлі зиянды организмге төзімділігін арттыру үшін төртінші кезең аясында 2,3 млн-нан астам ағашты биоөңдеу жоспарлануда.

"Зиянкестер биологиясының ерекшеліктеріне сүйене отырып, ағаштарды емдеу жұмыстары түнде және таңертең ерте жүргізіледі", - дейді Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев.

Оның айтуынша, биылғы жылдан бастап монофаг зиянкестеріне барынша әсер ету үшін бірінші кезең (вегетациялық кезеңнің басталуы) кезінде теректерді үш рет өңдеу және өзге ағаштарды екі рет өңдеу жүргізілген.

Бұрын өсімдіктерді биологиялық қорғау вегетациялық кезеңнің басында тек бір рет жүргізілген, бірақ мұндай өңдеу жиілігі монофаг зиянкестері үшін жеткіліксіз болып, жасыл кеңістіктердің жағдайына кері әсер еткен.

"Жұмыста климаттық факторларды ескере отырып, ел аумағында қолдануға рұқсат етілген және адамдарға, құстар мен жануарларға зиянсыз, қауіптілігі төмен сыныпты сертификатталған биологиялық және кейбір жағдайларда химиялық препараттар (П-4) пайдаланылады", - дейді Серік Әділбаев.

Әкімдік ақпаратынша, ауа райы қолайлы және жауын-шашынсыз болған кезде төртінші кезеңді 20 қыркүйекте аяқтау жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033742-ziyankesterge-qarsy-ondeu-zurgiziledi-almaty-akimdigi-qala-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel