Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында дүкенге шығып оралмаған 17 жастағы жігіт іздестірілуде

Опубликовано:

Сержан Елбрусов
Сержан Елбрусов. Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Ақмола облысында 17 жастағы жігіт дүкенге шығып, қайта оралмаған. Жас жігітті қазіргі таңда тәртіп сақшылары іздестіруде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство ақпаратынша, 23 тамыз күні жергілікті тұрғын Қосшы полиция бөліміне жүгініп, 2005 жыл туған ұлы Сержан Елбрусовты табуға көмектесуін сұраған.

Әйелдің сөзінше, ұлы шамамен кешкі 7-де дүкенге шығып, қайта оралмаған. Ал ұялы телефоны сөндірулі болған.

Өздігінен іздеу нәтиже бермегеннен кейін полицияға жүгінген. Әйелдің айтуынша, ұлы бұған дейін де үйден кетіп қалған, бірақ осы жолы өзінің жеке заттарын алып кеткен.

Жоғалған жігіттің белгілері: бойы - 170-180 см, арықтау келген, шашы қара және қысқа, көзі қара қоңыр, мұрны тік, ерні жіңішке.

"Сержан Елбрусовтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін адам болса, дереу полицияға "102" нөміріне хабарласуын сұраймыз. Үйден шыққан кезде оның үстінде ақ жолақтары бар көк түсті спорт костюмі, өзімен бірге ұялы телефоны болған", - делінген Ақмола облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033788-aqmola-oblysynda-dukenge-sygyp-oralmagan-17-zastagy-zigit-izdestirilude/

pixel