jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тұңғыш басшысы Болат Баекенов өмірден өтті

Болат Баекенов
Болат Баекенов. Фото: sgork_official

Әскери қайраткер, генерал-лейтенант, әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік қызметін басқарған Болат Баекенов қайтыс болды. Қаралы хабарды Мемлекеттік күзет қызметі жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін ұзаққа созылған науқастан кейін еліміздің арнаулы мемлекеттік органдар ардагері генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды.

Болат Әбдірахманұлы әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Ішкі істер министрлігін басқарды, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.

1997-2001 жылдары генерал-лейтенант Қазақстан президентінің күзет қызметіне жетекшілік етіп, ведомствоның дамуына зор үлес қосты.

Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тұңғыш басшысы Болат Баекенов өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.