Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда тек қана қыздар оқитын мектеп сот үкімімен қызметін тоқтатты

Опубликовано:

Оқушы қыз
Оқушы қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырауда 7-сынып оқушыларын лицензиясыз оқытқан қыздар мектебі жұмысын тоқтатты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті" ММ-нің "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС-не серіктестік қызметін тоқтату туралы талап қою бойынша азаматтық іс қаралды.

"Сотпен анықталғаны, "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС заңды тұлға ретінде 2022 жылғы 18 маусымда лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрімен Азаматтарға арналған үкіметте тіркелген.

Алайда Атырау қаласында 2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйегінде мектеп өз қызметін 7 сыныптан бастап 117 баланы қабылдап, жеке білім беру ұйымы ретінде бастаған.

Іс құжаттарымен, "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС тарапынан Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасын бұзуға, атап айтқанда лицензия болмаған кезде қызметті жүзеге асыруға жол берілді.

Соттың 2023 жылғы 13 шілдедегі шешімімен талап қанағаттандырылды, "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС-нің білім беру қызметі тоқтатылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ", - делінген Атырау облыстық соты таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033886-atyrauda-tek-qana-qyzdar-oqityn-mektep-sot-ukimimen-qyzmetin-toqtatty/

pixel