jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"7 миллион теңге бермесек, орнымыздан айырыламыз": "Алтын орда" базарында тағы шу шықты

"Алтын Орда" базары
"Алтын Орда" базары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы "Алтын орда" базарының бір топ саудагері жанайқайын жеткізді. Олар базар әкімшілігі шатырлардың орнына жаңа дүңгіршектер қоятынын, сауда нүктесінен айырылғысы келмейтіндерге "7 миллион теңге төлеңдер" деп талап қойғанын айтады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна ақпаратынша, базар басшылығы саудагерлердің тұрған жері заңсыз екенін, үш метр бері жылжытатынын атап өткен.

"Біз күнделікті екі мың теңгеден беріп тұрамыз, екі метр жерге. Мына жерде 7 миллионның да тауары жоқ. Біз ол жерді 7 миллионға сатып ала алмаймыз", - дейді саудагер Гүлнәр Тұрлыбаева.

Тілші мәліметінше, "Алтын орданың" кіреберісінде орналасқан аядай шатырлар Гүлнәр секілді 30 шақты саудагердің жанбағыс көзі. Олар 7 миллион теңге төлемесе, орнынан айыралатыны туралы хабарды естіп, төбеден жай түскендей күйде болған.

"Шын ба, өтірік пе деп, басшылыққа бардық. "Сатылып жатыр, қалғаны болса аласыңдар, қалмаған болса, кете беріңдер" деді. Бірақ менің басымда 7 миллион жоқ. Жағдайымызды түсінгісі жоқ. Үшінші павильон біткенше, осы жерде тұра беріңдер деген. Осы бастықтар келгенде де "тұра беріңдер" деген. Біз бұл жерді ешкімге сатпаймыз деген сияқты", - дейді саудагер Жанар Қалымбетова.

Саудагерлер бұл шағымына қатысты базар директорымен тілдесе алмаған. Олардың жанайқайына базар директорының орынбасары жауап берген. Оның айтуынша, жол жиегінде саудагерлер тұрған жер әкімшіліктің қарауында. Сондықтан заңға сәйкес, ол жерді үш метр бері жылжытып, жаңа орындар ұсынылады. Кейін шатырдың орнына дүңгіршектер қою жоспарлануда.

"Фирмаларға өтініш бергенбіз. Сол кісілер смета бағасын шығарып берген. 7 миллионға дегенде, қазір бәрі арзан емес, материалдарының бәрі сондай. Өз материалдарына бізге өтініш берген. Ол бойынша біздің фирмалар сол жерге салып береді", - дейді" Алтын орда" базары директорының орынбасары Қанат Кенжебайұлы.

Дереккөз: КТК арнасы

"7 миллион теңге бермесек, орнымыздан айырыламыз": "Алтын орда" базарында тағы шу шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.