Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің бір өңірінде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде

Опубликовано:

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 25 тамыз, жұмада ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін де еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Яғни, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде дауыл тұрып, жел күшеюі ықтимал. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Сондай-ақ солтүстікте, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Сонымен қатар күндіз Жетісу, Абай, Алматы облыстарында 35-37°С-қа дейін қатты ыстық күтіледі.

Бұдан бөлек Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Атырау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.

Синоптиктер ал Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Павлодар облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033903-bugin-elimizdin-bir-onirinde-qatty-zanbyr-zauady-dep-kutilude/

pixel