jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"Найзағай, дауыл, бұршақ": сенбі күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болмақ

қолшатыр
Қолшатыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер сенбі яғни 26 тамыз күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болатынын болжады. "Қазгидромет" мәліметінше, ертең Қазақстанның кей өңірінде жаңбыр жауып, дауыл тұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мамандардың мәліметінше, елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі. Бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың батысында және оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Ал Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман және оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде және шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Ал Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында және шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі және облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысында жоғары өрт қауіпі және облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау, Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

"Найзағай, дауыл, бұршақ": сенбі күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.