Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылында Алматыда 133 мың оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі

Опубликовано:

Мектеп асханасы
Мектеп асханасы. Фото: pexels.com

Жаңа оқу жылында Алматыда бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету жалғасады. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев биыл 133 мың оқушы тегін тамақтанатынын айтты, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Ерболат Досаевтың айтуынша, 2022 жылы Алматы қаласының мектептерінде бастауыш сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін ыстық тамақты ұйымдастыру қаншалықты маңызды екенін көрсеткен.

"Биылғы жылы осы мақсатқа жергілікті бюджетте 20,4 млрд теңге сомасында қаражат көзделген. Тегін тамақтануды болжамды қамту 133 мыңнан астам білім алушыны құрайды", - деді қала басшысы.

Сондай-ақ "Алматы" арнасының мәліметінше, биыл Алматы әкімдігі Қазақ тамақтану Академиясымен және Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесе отырып "Оқушылардың денсаулығын басқару" мектеп тағамдарының жаңа моделін пилоттау жобасын әзірлеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034056-zana-oqu-zylynda-almatyda-133-myn-oqusy-tegin-tamaqpen-qamtamasyz-etiledi/

pixel