jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астанада бірнеше көше жаз соңына дейін жабылады

Нұр-Сұлтан қаласы
Астана. Көрнекі фото: NUR.KZ

Астана қаласында жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жаз соңына дейін жабылады. Осыған байланысты кей қоғамдық көліктің жол жүру бағыты өзгеріп, шектеулер қойылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Telegram арнасында.

"Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сіздерді Достық көшесінен бастап, Сығанақ көшесіне дейінгі учаскедегі Түркістан көшесіндегі жол төсемесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлаймыз.

Осыған байланысты ағымдағы 26-31 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабық болады", - деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.

Сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы елорда тұрғындары мен қонақтарына өз маршрутын алдын ала жоспарлауды ұсынды.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.