jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір көше уақытша жабылады

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда Сәтбаев көшесінің бойындағы жол айрығын орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты алматылықтар көлік қозғалысы шектеулері жайлы ескеруі керектігі айтылды, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Арна мәліметінше, Сәтбаев көшесі мен Байзақов көшесінің қиылысында, 25 тамызда сағат 23-00-ден 26 тамызда сағат 06-00-ге дейін, батыс бағытта Манас көшесіне дейін, Байзақов көшесінің бойымен Құрманғазы көшесінен Жандосов көшесіне дейін жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

25 тамыз сағат 23-00-ден 26 тамыз сағат 6-00-ге дейін Сәтбаев көшесі-Байзақов көшесі бойымен Мүсірепов көшесінен батыс бағытта, Сәтбаев көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта, Жандосов көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта жүру шектеледі. Әуезов көшесі, Абай даңғылы бойымен Манас көшесі, Бұқар Жырау бульвары бойымен айналма жол тиісті схемамен ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Байзақов көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі съезд бойынша шығыс бағытта көлік қозғалысы жабылатын кезде штаттық режимде жүзеге асырылатын болады.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 патрульдік экипаж қызмет етіп, жылдамдықты 40 км\сағ дейін шектеу туралы белгі қойылады.

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір көше уақытша жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.