Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкім көмектесе алмады": Ақмола облысында көз жұмған 14 жастағы Владимир Гринбергке медаль берілді

Опубликовано:

Суға батып жатқан бала
Суға батып жатқан бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында 14 жастағы жасөспірім өзге баланың суға батып жатқанын көріп, оны құтқармақ болған, бірақ өзі су құйынына төтеп бере алмай, батып кетеді. Батыр бала көз жұмғаннан кейін медальмен марапатталды. Бұл туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

"Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тапсырмасы бойынша Ақмола облысының ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев көз жұмған Владимир Гринбергті "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медальмен марапаттады", - делінген Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 шілдеде Владимир Гринберг Қорғалжын ауданы Нұра өзеніне отбасымен бірге демалуға барған. Жас батыр 12 жастағы баланың суға батып бара жатқанын байқап, сескенбей бірден көмекке асыққан. Кейін көмекке ересектер де келіп жетіп, батып жатқан ұлдың әкесі баласын судан шығарып алған болатын.

"Баланың өмірін құтқарып қалу мақсатында Владимир Гринберг өз өмірін бәске тігті. Өкінішке қарай бала су құйынының күштілігінен өзі де суға бата бастаған, бірақ оған ешкім көмектесе алмады", - деп жазылған Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінде.

Төтенше жағдайда батылдық көрсетіп, адам өмірін сақтап қалған жас батырдың туыстарына медаль табысталды. Нұрлан Атығаев баланың ата-анасына шын жүректен көңіл айтты.

Сондай-ақ облыстық ТЖД баспасөз қызметінде шомылу маусымы басталғаннан бері Ақмола облысының су айдындарында 13 адам суға батып кеткені туралы атап өтілді, оның ішінде бесеуі кәмелетке толмаған бала.

ТЖД қызметкерлері судағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034116-eskim-komektese-almady-aqmola-oblysynda-koz-zumgan-14-zastagy-vladimir-grinbergke-medal-berildi/

pixel