Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғандық жиһанкез Меккеге велосипедпен екінші рет барып қайтты

Опубликовано:

Талғат Жұмабеков
Талғат Жұмабеков. Видеодан кадр: youtube.com/@tv24kz

Бүгінгі күнге дейін 63 мыңнан астам шақырымды велосипедпен еңсерген cаяхатшы, Жезқазған қаласының тумасы Талғат Жұмабеков қасиетті Мекке қаласына екінші рет барып қайтты. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, қажылық сапардан Талғат Жұмабеков елге тамыз айының басында оралған.

Талғат Жұмабеков продюссерлік орталықта жұмыс істеген. Тіпті хореограф та болған. Артынша дүниежүзін шарлағысы келген екен. Осылайша мұсылман үшін қасиетті Меккенің топырағын басу басты арманы болыпты. Бірақ өзгелер сияқты айшылық алыс жерге ұшақпен жедел жете салмай, мыңдаған шақырымды велосипедпен еңсеруге бел буған.

"Баяғы кездері жиhанкездер жылқы, атпенен жаяу барған. Сөйтіп біраз қиыншылықтарды көріп, сондай жетістіктерге жетіп отырған. Қазір ондай жағдай жоқ қой. Ұшақпен бәрі барып жүр деп, өзін сынағысы келді ғой. Сонда мен айтқам: велосипедпен бар деп. Жәй әзіл ретінде айтқам. Соны ол қағып алды да, велосипедпен кетті ғой сатып алып өзі", - дейді Еркін Жабағинов, Талғаттың досы.

Телеарна ақпаратынша, жиhанкездің басты мақсаты – әлемді көріп қана қоймай, Қазақстанды көпке таныту. Тіпті велосипедіне көк туымызды орнатып алған. Осылайша сапар аясында жергілікті тұрғындарға еліміз туралы айтып, оларды Қазақстанға келуге шақырады. Бүгінгі күнге дейін Талғат 63 мыңнан астам шақырымды еңсерген. Әлемнің 49 елінде болған.

"Маған Орталық Америка қатты ұнады. Мексика, Гватемала, Колумбияда да болдым. Аңғарғаным, адамдары қарапайым әрі мейірімді. Әркез көмектесуге дайын тұрады", - дейді саяхатшы Талғат Жұмабеков.

Тілшілер мәлім еткендей, биыл Талғат Жұмабеков қасиетті Меккеге екінші мәрте қажылыққа барып келген, бұл жолы сапарын Алматы қаласынан емес, Каирдан бастады. Елге тамыз айының басында оралған. Енді алалық шағы өткен Жезқанғанға да жетті. Ал болашақта белін бекем буып қос дөңгелекті көлігімен Оңтүстік Америкаға аттанбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034132-zezqazgandyq-zihankez-mekkege-velosipedpen-ekinsi-ret-baryp-qaitty/

pixel