Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1000 тоннадан астам өнім сатылды": желіде шу тудырған Астанадағы жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталды

Опубликовано:

Астанада өткен жәрмеңке
Елордада өткен жәрмеңке. Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астанада Тәжікстанның мәдени күндері аясында өткен көрме-жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, көрме-жәрмеңкеде елорда қонақтары мен тұрғындарына Тәжкістаннан жеткізілген өнімдердің алуан түрі ұсынылған.

Олардың арасында жаңа піскен көкөністер, жемістер және бақша дақылдары сияқты ауыл шаруашылығы өнімдері, бал, тәттілер, түрлі сусындар, қолөнер бұйымдары, табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар, киіз, тоқыма, тоқылған және соғылған сәндік бұйымдар, сондай-ақ пышақтар мен әлемге әйгілі тәжік атласы бар.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталған. Себебі жеткізілген өнімдер екі күн ішінде сатылып кеткен. Бұл ретте жәрмеңкеге 100 мыңнан астам адам келген.

"Астанаға өз тауарларымен Соғды облысының 300-ге жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі келді. Көрме-жәрмеңкеде олар 1000 тоннадан астам өнім сатты", – делінген хабарламада.

Әкімдік сонымен қатар келушілерге қыш және ұсталардың темірден соққан туындылары, ағаш өңдеу, көркем кескіндеме, тоқу және басқа да ерекше техникаларды қоса алғанда тәжік халқының ұлттық ерекшеліктері көрсетілгенін атап өтті. Жәрмеңкедегі ерекше сәттердің бірі – арнайы концерт ұйымдастырып, Тәжікстан шеберлерінің өнерін паш етуі болған.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде бұл жәрмеңкеден видеолар таралды. Кадрлардан адамдардың жемісті аяғымен басып, талап алып жатқанын көруге болады. Адамдардың әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Олардың айтуынша, тегін ұйымдастыру деген нәрсеге тыйым салу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034189-zelide-su-tudyrgan-astanadagy-zarmenke-uaqytynan-buryn-ayaqtaldy/

pixel