jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Елімізде 1 қыркүйектен бастап жаңа телеарна іске қосылады

Пульт ұстап отырған ер адам
Пульт. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап Silk Way Cinema атты жаңа халықаралық телеарна іске қосылады. Телеарна қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы хабар таратады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік хабарлауынша, Silk Way Cinema телеарнасы – Қазақстан президенті телерадиокешенінің жаңа медиа-ресурсы.

Телеарна сигналы Қазақстан жанындағы оннан астам шет елге қолжетімді болады.

Жаңа спутниктік арнаның командасы танымдық және білім беру бағдарламаларын, деректі және музыкалық жобаларды, телехикаяларды эфирге шығарады.

Сондай-ақ Silk Way Cinema эфирінде республикалық телеарналар мен "Қазақфильм" киностудиясының контенті (фильм) көрсетіледі.

Елімізде 1 қыркүйектен бастап жаңа телеарна іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.