Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен үшін өте әдемі тіл": интернет арқылы қазақ тілін үйреніп жүрген бельгиялық азамат жайлы не білеміз

Опубликовано:

Стейн Ромбоут
Стейн Ромбоут. Видеодан кадр: youtube.com/@Khabar24

Бельгия азаматы Стейн Ромбоут - қазақ тілін интернет арқылы өз бетімен үйреніп жүрген полиглот. Ол алдағы уақытта Қазақстанға тағы да келуді, қазақ тілін тереңдетіп оқуды жоспарлауда, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Стейн Ромбоут осыдан алты жыл бұрын Қазақстанға келіп, елдің сайын даласы мен тұмса табиғатына ғашық болған.

Ол Қазақстанның оңтүстігін турист ретінде аралаған. Қазақстанға ғашық болған Стейн Бельгияға қайтқан соң қазақ тілін интернет арқылы, өз бетімен оқи бастаған. Бүгінде Стейн Бельгияның көне университеттерінің бірінің магистранты және бірнеше тіл білетін полиглот.

"Мен алты жыл бұрын Қазақстанға турист ретінде бардым. Алматыда болдым, Шымкент, Түркістан, Тараз, жалпы Қазақстанның оңтүстігін түгел араладым. Маған Алматы көбірек ұнады. Мен үшін қазақ тілі өте әдемі тіл. Маған Орталық Азияның ішінде Қазақстан жаныма жақын болды. Сондықтан қазақ тілін үйренемін деп шештім", - дейді Ku Leuven университетінің магистранты Стейн Ромбоут.

Телеарна ақпаратынша, Стейннің қазақша Сырым деген есімі бар. Атын белгілі қазақ батыры Сырым Датұлының құрметіне таңдаған. Қазір ол Қазақстанның тарихы мен мәдениетін терең зерттеуде.

"Маған қазақ халқы өте ұнайды. Басқа елдермен салыстарғанда, қазақтар қонақжай келеді. Мұндағы адамдар олардай қонақжай емес. Сондай-ақ қазақтың тамағы өте дәмді. Мен бешпармақ, қуырдақ, бауырсақ жедім. Қазақтарға көп рақмет айтқым келеді. Қазақстанның болашағы зор деп үміттенемін", - дейді Стейн Ромбоут.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034256-men-usin-ote-ademi-til-internet-arqyly-qazaq-tilin-uirenip-zurgen-belgiyalyq-azamat-zaily-ne-bilemiz/

pixel