jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алдағы тәуліктерде еліміздің барлық дерлік аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі

қолшатыр
Қолшатыр. Көрнекі фото: pixabay.com

29-31 тамыз аралығында Қазақстанның барлық дерлік аумағында қатты жаңбыр мен ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Мәселен, кей аймақтарда найзағай ойнап, қатты жел тұрып, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Ал Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Ауа температурасының күрт төмендеуі республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде күтіледі. Бұл өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы +3...+11 градусқа дейін, күндіз +10...+18 градусқа дейін төмендейді.

Метеорологтардың мәліметінше, аптаның басында тек еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн жылы болады, содан кейін түнде ауа температурасының +10...+15 градусқа дейін, күндіз +20...+25 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Алдағы тәуліктерде еліміздің барлық дерлік аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.